Тоқаев пен Путин ауған мәселесін талқылады

Сурет: zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы сипатында өтетін алдағы жиын-шараларға байланысты ауған проблемалары жан-жақты талқыланды. Екіжақты күн тәртібіне сәйкес, кейбір өзекті мәселелер, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлесе күресу мәселелері де қозғалды, делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сонымен қатар бірқатар шет мемлекеттердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды