ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері парамен ұсталды

zakon.kz
Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған.

Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған.

Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған.

Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған.

Барлығы ақша аударымының 20-дан астам эпизодтары құжатталды.

4 адамға қатысты сот "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен белсенді ынтымақтастыққа келді.

Қазіргі уақытта Агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды