Жанар-жағармайға қатысты тағы бір тыйым енгізілгелі жатыр

zakon.kz/ Павел Михеев
Тыйымға майлаушы майлар мен 20 литрлік ыдыстағы мұнай өнімдері жатпайды.

ҚР ИИДМ, Сауда министрлігі және ҚР ҰЭМ "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Майлаушы майдан басқасы, сондай-ақ автокөлік өндіруші зауыттың және бекітілген техникалық шарттарға сәйкес, көлемі 20 литрден аспайтын дара ыдыстағыдан бөлек көлемде бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлікпен шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, делінген құжатта.

Бұйрықтың жобасы 1 қазанға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды