Тоқаевқа "көлеңкелі" экономика бойынша есеп берілді

pixabay.com
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президентке Агенттіктің "көлеңкелі" экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы мәлімет берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 8 айда 1508 экономикалық құқық бұзушылық анықталғаны, оның 803-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататыны жөнінде баяндалды. 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Алкоголь өнімдерін шығаратын 26 жасырын цех пен 224 заңсыз ойынхана жабылған.

Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы 4 жылда "көлеңкелі" экономика 29 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Жанат Элиманов әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Атап айтқанда, азық-түлік бағаларының көтерілмеуін қамтамасыз етуге тиіс тұрақтандыру қорларын құру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың 5 дерегі анықталған. Тараз қаласында жылу, Қызылорда қаласында газ тасымалы тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол берілмеді. Балаларға арналған мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты 36 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Олар 376 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды