Нұр-Сұлтанның тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады

zakon.kz
Көлік жүргізушілеріне осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алу ескертіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қыркүйектен бастап Мұхамедханов көшесінде Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін автобус жолағы іске қосылады, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл өзгеріс осы учаскеде үлкен сұранысқа ие екі бағдардың (№45 және 56 маршруты) қозғалысына септігін тигізеді. Осылайша жалпы саны 25 автобустың жүрісі жылдамдайды. Күн сайын осы бағыттармен 16 мыңнан астам жолаушы жүреді. Қоғамдық көліктен бөлек, автобус жолағы арқылы жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы қозғала алады. Нәтижесінде олардың келу уақытын едәуір қысқартты, - дейді "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мұхамедханов көшесінде бөлінген жолақтың енгізілуін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында "Bus Lane" жобасы ұзындығы 73,6 км болатын 26 жол учаскесінде жүзеге асырылуда.

Көлік жүргізушілеріне осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алу ескертіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды