Әскери қызметкерлердің жалақысын 60 пайызға арттырады

Ақорда
Бұл - алдағы екі жылға арналған жоспарда бар есеп.

Президент-Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда әскери қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 60%-ға өсетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында Оймаша полигонындағы "Отпантау-2021" әскери-оқу жаттығу жиынына барған кезде айтты.

Ақшалай жәрдемақы біртіндеп өсіп жатыр. Биылдан бастап ресми жалақы 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда орта есеппен 60%-ға тағы өседі. Әскери қызметкерлердің барлық санаттары үшін баспана мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, қазақстандық әскердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті болып табылады. Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау әрқашан мемлекеттің басты басымдық беретін бағытының бірі болып табылады. Күшті армия - қуатты егеменді Қазақстан, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды