Садыр Жапаров құжат жүргізуді қырғыз тіліне көшіруге ниетті

Қырғыз президентінің баспасөз қызметі
Ол елдің барлық азаматтарын түрлі сылтау ойлап таба бермей, мемлекеттік тіл мен қырғыз халқының гүлденуі жолында жұмылуға шақырды.

Қырғызстан халқын Мемлекеттік тіл күнімен құттықтаған президент Садыр Жапаров қырғыз тіліне ерекше тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz sputnik.kg-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, құжат жүргізуді қырғыз тіліне көшіру үшін тек ниет қана керек.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар келелі мақсат-міндеттеріміз орындалуға жақын. Сол себепті барлық азаматтарды түрлі сылтау ойлап таба бермей, мемлекеттік тіл мен қырғыз халқының гүлденуі жолында жұмылуға шақырамын, деді Жапаров.

Прзидент "мемлекеттік қырғыз тілі тұрғанда тәуелсіз Қырғызстан да жасай береді", деп қосып қойды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды