Нұр-Сұлтанда кәсіби теннистен әйелдер арасындағы турнир басталып кетті

ktf.kz
Алматылық Жібек Құламбаева жарыстың негізгі кезеңінде жеңілістің ащы дәмін татып үлгерді, ол аса тәжірибелі жоғары голландиялық Алисия Ван Утванкке жол берді - 3: 6, 4: 6.

Ерлердің ізін ала, әйелдер арасында Astana WTA 250 халықаралық турнирінде чемпиондық мәртебеге таласы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл турнирде Елена Рыбакинаны қоспағанда, қазақстандық теннистің барлық үздіктері бақ сынамақшы. Болашағынан үміт күттіретін жас қазақстандық теннисшілер осы жарыс жолының іріктеу кезеңінде күш сынасуды бастап кетті. Өкінішке қарай, олардың көбісі беделді турнирдің негізгі ойын бөлігіне өте алмады. Бұл мүмкіндік Татьяна Николенко, Гозал Айнитдинова, Софья Чурсина, Дана Байдәулет және Екатерина Дмитриченкоға бұйырды.

Алматылық Жібек Құламбаева жарыстың негізгі кезеңінде жеңілістің ащы дәмін татып үлгерді, ол аса тәжірибелі жоғары голландиялық Алисия Ван Утванкке жол берді - 3: 6, 4: 6.

Енді кортқа неғұрлым тәжірибелі және білікті қазақстандық теннисшілердің шыққанын күтіп отырмыз. Мысалы, Юлия Путинцева, Зарина Диас және Анна Данилина дегендей.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды