Қазақстанға Ресейден қытайлық "Үлкен ит" келеді

kolesa.kz
Сынақ ретінде бірнеше данасы Туладағы зауытта құрастырылды.

Haval-дың ЕАЭО-дағы (және Қазақстандағы) модельдік топтамасы жақында тағы бір кроссовермен толығуы мүмкін, дейді kolesa.kz.

"Китайские автомобили" порталы хабарлағандай, ол — DaGou ("Үлкен ит") деген атаумен танымал Dargo.

DaGou алғаш рет 2020 жылы жазда таныстырылған. Машина Қазақстанда сатылатын Jolion-мен бір платформаны бөліседі, бірақ көлемі сәл үлкен. Кроссовердің ұзындығы — 4.6 метр. Капот астына 1.5 және 2 литрлік турбомотор қойылады, олар сәйкесінше 169 және 211 ат күшін береді. Агрегат тек 7 сатылы роботпен жұмыс істейді, алдыңғы немесе толық жетектің бірін таңдауға мүмкіндік бар.

Басылым ақпаратына сүйенсек, Dargo-ны Ресейде тіркеу процесі тамызда басталған. Жақында Туладағы зауытта сынақ ретінде алғашқы бірнеше данасы құрастырылды.

Жаңа өнімнің қашан сатылымға шығатыны қазірше белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды