Келінін өлімге дейін жеткізген ене 5 жылға сотталды

Radioi Ozodi (RFE/RL)
Хуршедаға күшпен сірке суын ішкізген.

Тәжікстанның Турсунзаде қаласының тұрғыны келінін "өлімге жеткізгені үшін" бес жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Бірақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қабылданған "Рақымшылық туралы" заңға сәйкес, айыпталушы Зархол Мустонованың жаза мерзімі 1,5 жылға қысқартылды. Оның туыстары сот үкімі әділетсіз екенін айтып, жоғарғы инстанцияға шағымданатынын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, Мустонова 25 жастағы келіні Хуршеда Холмуродоваға психологиялық қысым жасап, ол биыл 12 маусымда сірке суын ішіп қайтыс болған.

Марқұмның әкесі Чори Холмуродов қызы өзіне қол жұмсамағанын, оны өлтіріп қойғанын айтады.

Хуршедаға күшпен сірке суын ішкізген. Сондықтан прокуратура “Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғау керек. Сот-медициналық сараптама қорытындысы қызымның денесінде ісіктер, көгерген тұстар бар екенін көрсетті, - дейді ол.

Хуршеда Холмуродова Турсунзаде қаласындағы медициналық колледждің 4-курсында оқып жатқан. Екі жыл бұрын тұрмысқа шығып, балалы болған. Жақындарының айтуынша, күйеуінің туыстары оның оқуына қарсы болып келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды