Елден қашқан ауғандықтардың пәтерлері жалға беріледі

pikabu.ru
Осылайша Кабул билігі бос тұрған үйлерді тонаудан, қиратудан қорғауға ниетті.

Ауғанстан астанасының басшылығы аудан басшылары мен заңгерлерге төңкеріс кезінде Ауғанстаннан қашқан адамдардың артында қалып кеткен бос пәтерлерінің тізімін құруды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz СNN-ге сілтеме жасап.

Бұл тізімдер аудандық бөлімдерге жолданатын болады.

Жергілікті билік өкілдері пәтерлер тиімді шарттармен жалға беріледі деп сендіреді.

Тізімге меншік иелері құлыптап кеткен пәтерлер, сондай-ақ тәліптер басып алған пәтерлер кіреді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Ауғанстандағы "Талибан" үкіметі халықаралық рейстерді қайта жандандыру туралы үндеу жариялап, әуе компаниялармен толыққанды ынтымақтастықта жұмыс істеуге уәде беріп, Кабул әуежайындағы проблемалар шешілгенін айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды