Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандардың кредиті кешірілді

Жамбыл облысы әкімдігі
Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді.

Еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысының әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті билік бұдан өзге де көмек көрсету шараларын қолға алған.

Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізілген жұмыстарымыз нәтижесіз аяқталған жоқ. Төтенше оқиға салдарынан қайтыс болған қарыз алушылар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді, - деп атап өтті Бердібек Машбекұлы.

Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімі аумағында 26 тамыз күні болған өрт пен жарылыс кезінде 17 азамат көз жұмған болатын. 1 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратураның қызметкерлері мен әскери қызметшілер бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды