Жаңа рецепторларды ашқандарға Нобель сыйлығы берілді

pixabay.com
Дэвис Джулиус пен Ардем Патапутянға 2021 жылдың Нобель сыйлығы берілді.

Физиология және медицина салаларында ғылыми жаңалық ашқаны үшін Дэвис Джулиус пен Ардем Патапутянға 2021 жылдың Нобель сыйлығы берілді. Аталмыш сыйлық температура мен жанасуға жауап беретін рецепторларды ашқаны үшін табысталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нобель комитетінің сайтында айтылғандай, өткен жылы бұл номинация бойынша Гарви Ольтер, Чарльз Райс және Майкл Хоттон С гепатитінің вирусын ашқаны үшін осы марапатты иеленген.

Айта кетейік, Нобель сыйлығын табыстауға құрамында Каролина институтының 50 профессоры бар Нобель ассамблеясы жауапты. Ассамблеяның жұмыс органы - Нобель комитеті. Ғылыми жаңалықты мақұлдау үшін әрбір номинация бойынша үш жылдық мерзімге бес немесе алты адамнан тұратын комитет құрылады. Ассамблея жылына бірнеше рет жиналып, комитет таңдаған кандидаттардың ашқан жаңалықтарын ортаға салып, талқылап, қазан айының бірінші дүйсенбісінде лауреатты таңдайды.

Жайна Тәттімбетова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды