Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасыларына пәтер кілтін тапсырды 

Алматы қаласының әкімдігі
Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында қала әкімі тағы да көңіл айтып, полицейлердің жесірлеріне пәтер кілтін табыстады. Алматы әкімдігінің бастамасы сот шешімін орындау бойынша қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларын қолдау мақсатында қабылданды.

Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды.

Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды.

Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста. Байғазиевтің отбасы сияқты оның да жеке тұрғын үйі болған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды