Орталық Азия-Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі өтті

ҚР СІМ баспасөз қызметі
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің алтыншы кездесуі аясында Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Н. Әл-Хаджраф арасында жұмыс кездесу өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесуге аталған Кеңестің төраға-елі болып табылатын Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі А.Әл-Заяни де қатысты.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Жиын қорытындысы бойынша екі өңір арасында сыртқы істер министрлері деңгейінде "Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" жаңа ынтымақтастық диалогы форматын құруға өзара мүдделілік білдірілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды