Қазақстанда шетелдік басылымдарды есепке алу ережелері әзірленді

Pixabay
Өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Ереже республиканың ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс және уақтылы талдау үшін Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу үшін уәкілетті органға таратушының атауы, шетелдік мерзімді баспасөз басылымының атауы, таралу аумағы, таралу тілі, негізгі тақырыптық бағыты, кезеңділігі, таратылатын даналардың болжамды саны көрсетіле отырып өтініш беріледі.

Өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Ұсынылған құжаттар қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган есепке қою күнін, құжаттың нөмірін, таратушының атауын есепке алу журналына енгізу арқылы шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қояды.

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша таратушыға шетелдік мерзімді баспасөз басылымын есепке алу не одан бас тарту туралы құжат беріледі.

27 қазанға дейін "Ашық НҚА" сайтында құжатты жария талқылауға қатыса аласыз.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды