Цой жабылып жатқан ковид науқастарға арналған ауруханалар туралы айтты

facebook.com/alexey.tsoy
Өңірлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Ауру жұқтырғандардың ең аз мөлшері Маңғыстау облысында тіркелді.

Алексей Цой Қазақстандағы ковид науқастарға арналған ауруханалардың жабылуы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты 25 тамыздан бастап ковид науқастарға арналған аурухана ретінде көмекке жұмылдырылған 103 нысан (33 465 төсек-орын) жабылды. Қажет болған жағдайда, бұл орындар резервтік ретінде қайта пайдалануға беріледі, делінген хабарламада.

Айта кетелік, елімізде 908 847 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өңірлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Ауру жұқтырғандардың ең аз мөлшері Маңғыстау облысында тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды