Алматының орталығы түнде суық судан ажыратылады

pixabay.com
Технологиялық жабдықты ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Алматының орталық бөлігі түнде суық судан ажыратылады, деп хабарлайды zakon.kz.

14 қазанда сағат 21:00-ден бастап 15 қазанда сағат 08:00-ге дейін Луганский – әл-Фараби – Байзақов – Төле би көшелерінің аймағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады, - деп хабарлады "Алматы су" МКК.

Мегаполистің осы бөлігіндегі су құбыры желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін сумен жабдықтау объектісіндегі технологиялық жабдықты ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Ажырату кезеңінде денсаулық сақтау, білім беру объектілеріне және әлеуметтік саланың өзге де ғимараттарына автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылатын болады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды