Жаңақорған ауданының әкімдігі 1 дәптерді 1,5 миллионға сатып алмақ болды

Pixabay
Қызылорда қалалық әкімдігінің жылу желілерін ауыстырамыз деген желеумен болмашы бөлшектерді 147 миллион теңгеге бағалап жібергені де анықталды.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты 1 дана дәптерді бір жарым миллион теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды zakon.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайт мемлекеттік веб порталды қарап отырған антикор мамандарының назарына іліккен. Сөйтіп қымбат дәптер әкімдіктегілердің қолына тимейтін болды.

Жыл басынан бері осы тектес 70 дерек анықталып, 3 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

Қызылорда қалалық әкімдігінің жылу желілерін ауыстырамыз деген желеумен болмашы бөлшектерді 147 миллион теңгеге бағалап жібергені де анықталды. Арал ауданында жақын қашықтыққа сумен жабдықтау құбырын жүргізу және желі бойына ғимаратты салуға жарты миллиардтай теңге сұраған. Күдік туғызған жоба қайта есептеуге жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары басшылар арасындағы көз қысты, бармақ басты әрекеттердің басым бөлігі қарапайым азаматтардың айтуымен әшкереленетінін жеткізді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды