Вакцина бірінші ауыл балаларына салынады – тағы бір фейк тарады

Максим Золотухин / zakon.kz
12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/Biotech вакцинасы Қазақстанға келген жоқ.

Қазақстандықтар жалған ақпарат таратуды жалғастыруда. Бұл жолы балаларды КВИ-ге қарсы вакциналауды ауылдық округтерден бастауды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Автор халықты ескертіп жатқанын айтады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

Қазіргі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/Biotech вакцинасы Қазақстанға келген жоқ. Балаларды вакциналау жоспарда жоқ. Балаларды вакциналау ата-аналардың келісімі болған кезде жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды, - деп хабарлады Stopfake.kz.

Бұған дейін Алексей Цой балаларды вакциналау ата-аналардың таңдау құқығымен ерікті болатынын айтқан болатын.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды