Бейбіт жиындар өткізуге еш кедергі жоқ – Тоқаев 

akorda.kz
Бірақ заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау керек.

Демонстрацияларды хабарландыру режимімен-ақ өткізуге болады, бірақ кейбір азаматтар қандай да бір себептермен осы талапты бұзуға болады деп санайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз бейбіт жиналыстар туралы өте жақсы Заң қабылдадық. Кім не десе де, бұл демократияны дамытудағы маңызды қадам. Бейбіт жиындарға, демонстрацияларға ешкім кедергі келтірмейді, - деді Тоқаев ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, заңда бәрі жазылған және ресми рұқсат алудың қажеті жоқ.

Жиналыстар, шерулер ескерту режимінде өткізілуі мүмкін, бірақ кейбір азаматтар қандай да бір себептермен осы бір кішігірім талапты бұзуға болады деп санайды. Мен мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуратураның міндеті осы заңды азаматтарымызға түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті – біздің заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау, - деп түсіндірді Қазақстан Президенті.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды