"Ералаштың" режиссері педофил деген күдікке ілікті

Вконтакте/Илья Белостоцкий
Белостоцкий қазір тергеу изоляторында.

"Ералаш" балалар киножурналының қоюшы режиссері Илья Белостоцкийге балаларға қол жүгіртті деген айып тағылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының ақпаратына сай, Белостоцкий қазір тергеу изоляторында. Режиссерге қатысты қылмыстық іс Мәскеуде тергеуде.

"Илья Белостоцкий Мәскеуде кәмелетке толмағандарға қатысты азғындық әрекеттері үшін ұсталды, бірақ кейінірек айыптау Қылмыстық кодекстің 3-бабының 134-бөлігіне сай (он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас және басқа да жыныстық әрекеттер) айыпталды, оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін", - делінген ақпаратта.

Белостоцкийдің бұған дейін де педофилия күдігіне іліккені белгілі болды. Ол бір жыл бұрын кәмелетке толмағандарға қатысты азғындық әрекеттері үшін ұсталған екен. Алайда содан бері туыстары бұл жайтты жұрттан жасырып келген.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды