Алматының тауларына қалыңдығы 16 см қар түсті

Алматы қаласының әкімдігі
Күндіз 22 қазан +2+4 градус, түнде-1-3. Ертең күндіз +8+10 градус жылы болады.

Алматыда түнде қар жауды. Қаланың Тұрғын үй саясаты басқармасында жауын-шашынның салдары айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

21 қазан күні сағат 22:00-де Алматыда жаңбыр жауа бастады, ол 22 қазан күні сағат 2:00-де қарға ұласты, - делінген хабарламада.

Тау бөктеріндегі аудандарда 10 см, таулы жерлерде 16 см қар жауды.

Қар тазалау үшін қала жолдарына 537 техника, оның ішінде 117 құм шашқыш және 1073 жол жұмысшысы шықты.

Тау бөктері мен таулы аудандарда көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар сыпырылады, – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Қалада жабысқақ дымқыл қардың салмағына шыдамай сынған бұтақтарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

"Қазгидромет" болжамы бойынша, 23 қазанға қараған түннің бірінші жартысына дейін жауын-шашын жауады.

Күндіз 22 қазан +2+4 градус, түнде-1-3. Ертең күндіз +8+10 градус жылы болады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды