"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры тағайындалды

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
Дәулетжан Кеңесұлы Хасанов 1971 жылы 21 қазанда туған.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компанияның Бас директоры болып Дәулетжан Хасанов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Дәулетжан Кеңесұлы Хасанов 1971 жылы 21 қазанда туған.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы институтын "экономист" мамандығы бойынша және Атырау мұнай және газ институтын "Тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын бас есепші ретінде бастаған. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобында 20 жылдан астам еңбек етіп келеді.

Әр жылдары "Ембімұнайгаз" АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Қазгермұнай" БК" ЖШС және "Қаражанбасмұнай" АҚ жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры болып тағайындалғанға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры лауазымында жұмыс істеді.

Ұжымның жаңа басшысын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаев таныстырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды