Ақмола облысында қар тазалайтын техниканың төрттен бірі әлі дайын емес

zakon.kz/ Павел Михеев
Суық түскенге дейін коммуналдық ұйымдарды тексеруге шешім қабылдаған облыстық полиция осындай қорытындыға келді.

Ақмола облысында қыста жол тазалау жұмыстарына арналған техниканың 50-ге жуығы әлі дайын емес, деп хабарлайды zakon.kz.

Суық түскенге дейін коммуналдық ұйымдарды тексеруге шешім қабылдаған облыстық полиция осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды "Хабар 24". 200-ге жуық қар тазалаушы және басқа да техникалар тексерілді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде бізден талап – жол техникасының дер кезінде жұмысқа шығуы. Сондықтан біз оның жарамды-жарамсыздығын, уақытында жұмысқа шығуын, қосалқы бөлшектердің, мұзға қарсы материалдардың болуын, сонымен қатар қоймада жанар-жағармайдың қоры болуын тексеріп отырамыз, - деді Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Айбек Хасенов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды