Өзбекстанда президент сайлауы өтті деп жарияланды

saylov.uz
Нақты мәлімет 25 қазанда белгілі болады.

Өзбекстанда президент сайлауы өтті деп жарияланды, сайлаушылардың қатысуы 33%-дан асты.

Осылай деп Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төраға орынбасары Бахром Кучкаров мәлімдеді.

"Электронды жүйенің мәліметі бойынша, күндізгі сағат 11:00 бойынша сайлау учаскелеріне 6 669 552 сайлаушы немесе 33,6% тізімдегі адамдар келген", - деді ол.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 8:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Республика бойынша 19,86 миллион сайлаушы тіркелген. Әлемнің 49 елінде шетелде тұратын өзбек азаматтары дауыс беру үшін 55 сайлау учаскесі мен 316 көшпелі бекет ашылды.

ОСК мәліметі бойынша, сайлауға 80,8% сайлаушы қатысқан. Нақты мәлімет 25 қазанда белгілі болады.

Президент сайлауына Өзбекстанда тіркелген бес партия қатысып жатыр. Олар - Экологиялық, "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру"), Либералды-демократиялық партия, Халықтық-демократиялық және "Адолат" ("Әділет") партиялары. Қазіргі президенті Шавкат Мирзияев та келесі мерзімге сайлауға түсті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды