Нұр-Сұлтандағы Талдыкөлдің толықтай суалу қаупі бар - министр

gov.kz
Министрдің айтуынша, су қоймасының суалуына қала құрылысы әсер етіп жатыр.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөлге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Брекешев министрлік тарапынан арнайы зерттеу жүргізгенін айтты.

Біз зерттеу жұмысын жүргіздік. Қазіргі уақытта бұл көлді толықтыратын қайнар көздер жоқтың қасы екенін түсініп отырмыз. Егер бұл процесті тоқтатпаса, онда көл өздігінен суалады, - деді министр.

Оның айтуынша, су қоймасының суалуына қала құрылысы әсер етіп жатыр.

Болашақта бұл көлді қосымша толықтырып отырмаса, тұтастай құрғау қаупі бар. Біз қала әкімдігімен бірнеше рет кездесіп, тікелей Талдыкөлдің қасында көшпелі кеңестер өткіздік. Толықтырып отырмаса, бұл көл жақын арада суалып кету қаупі бар. Бұған бірнеше факторлар, соның ішінде белсенді қала құрылысы да ықпал етеді. Су қоймасының айналасында рекреациялық аймақ ұйымдастырылады. Әкімдік көлдің нақты шекарасын анықтап, түбін тұнба шөгінділерінен тазарту жұмыстарын жүргізеді, жасанды қоректендіру ұйымдастырылады. Сондықтан, жақын арада Талдыкөл мен оның айналасы қалалықтардың демалуы үшін өте жақсы орынға айналады, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды