Мектеп дәретханасында оқушыға вакцина салған кім?

Максим Золотухин / zakon.kz
Нұр-Сұлтанда мектеп оқушысына вакцинаны баланың келісімінсіз салған ба?

Қазнетте мектеп оқушысына айтпай, вакцина салып жіберілгені туралы жалған хабар таратылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Таратылған хабарламада елордалық №58 мектепте балаларға жасырын түрде дәретханада екпе егілгені айтылған.

Stopfake.kz бұл ақпарат туралы сұрап, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына хабарласты. Олар хабардың жалған ақпарат екенін айтты.

Деректер шындыққа сәйкес келмейді, мұны баланың анасы растады. Киім ауыстыру кезінде 9-сынып оқушысы өзін нашар сезінді. Мектеп медбикесі оқушыға көмек көрсетіп жатқан кезде Бакеева ережелерді бұзып, өзін оқушыға жолатуды талап етті. Ол видео түсірмеңіз деген өтініштерді тыңдамай, жағдайды камераға түсіруін жалғастырды. Ал кезекші дәрігер оқушыға көмек көрсетті, - деп нақтылады ведомстводан.

Айта кетейік, Қазақстан мектептерінде балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салу әлі жүргізілген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана и мира! ???????? (@kazakh_inform)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды