Қытайдағы олимпиада кезінде жыныстық қатынасқа тыйым салынды

olympics.com
Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Қысқы Олимпиада-2022 спортшыларына жыныстық қатынасқа түсуге және кеш өткізуге тыйым салынды. Бейжіңдегі ақ олимпиаданы ұйымдастырушылар 2022 жылғы ойындар кезінде Олимпиада қалашықтарында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында түрлі делегациялардан келген спортшылар арасындағы байланысқа қатаң тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы Олимпиада қатысушыларына бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуді барынша азайту ұсынылды. Бетперде кию керек, жабық жерлерге кірмей, бір жерге көп адам болып жиналмау керек және адамдар арасындағы екі метрлік қашықтықты сақтау керек. Осы ережелерді бұзған адамдар, соның ішінде жақын қарым-қатынас пен кеш-отырыс ұйымдастырғандар Қытайдан депортацияланады.

Бейжің мэрінің орынбасары Чжан Цзяньдун 2022 жылғы Олимпиада қалашығының ашылуы 2022 жылдың 27 қаңтарында, ал 2022 жылғы Олимпиаданың өзі 4-20 ақпан аралығында өтеді деп мәлімдеді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды