Алматының БАКАД-ына дейін тағы екі көше созылады

Алматы қаласының әкімдігі
Сондай-ақ Тілендиев және Солтүстік айналма көшелерін созу жоспарланып отыр.

"Алматының үлкен айналма автомобиль жолы" бағытында тағы екі көшені ұзарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі айтты.

Қазіргі уақытта екі көшені ұзарту жұмыстары аяқталып қалды: Абай даңғылы (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) және Саин көшесі (Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін).

Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылын (Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін) ұзарту жоспарда бар.

Сондай-ақ Тілендиев және Солтүстік айналма көшелерін созу жоспарланып отыр.

Қаланы дамытудың Бас жоспарын түзетуге байланысты Тілендиев көшесі (ұзындығы 8,9 км) мен Солтүстік айналма (ұзындығы 1,2 км) қиылыстарын ұзарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімі 2022 жылға жоспарланып отыр, – деді ведомство өкілдері.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды