Жамбыл Ахметбеков: БАӘ-мен келісім жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді

Ж.Құспанов
Депутаттың айтуынша, инвестициялар шикізат салаларына салынбайды.

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту біздің елімізге тиімді екенін айтты. Өйткені, ол жаңа кәсіпорындардың ашылуына, озық технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, инвестициялар шикізат салаларына салынбайды. Атап айтқанда, елімізде жаңартылатын энергетиканы дамытумен айналысатын энергетикалық холдинг құру көзделіп отыр.

Ж.Ахметбеков атап өткендей, бүкіл әлемде "жасыл өткел" деп аталатын және экологияның жай-күйіне алаңдайтын елдер жаңартылатын отын үшін көмірсутектерден бас тартуда. Күн, жел электр станцияларының көбеюі біздің елдің бәсекелестік артықшылығы бола алады.

- Жалпы, бұл инвестициялық келісім отандық бизнесті дамыту үшін жағдайды айтарлықтай жақсартады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады деп айтуға болады, - деді депутат.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды