Миы шайқалған. Пенжімде таяқ жеген оқушының жағдайы қандай?

Zakon.kz
Диагноз: мидың ауыр ашық жарақаты.

Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесі орын алып, оқушы жарақат алды, ал дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2005 жылы туған бала 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түсті. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, ашық бас сүйек-мидың ауыр жарақатын алған, деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Диагноз: мидың ауыр ашық жарақаты. Оң жағы көгерген. 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Есі бар.

27 қазанда Панфилов ауданының орталық ауруханасына Пенжім кентінің мектебі аумағынан дене жарақатымен 16 жастағы жасөспірім түсті. Тексеру барысында жарақатқа 9-10-сынып оқушылары арасындағы төбелес себеп болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды