Кей адамдарға банан жеуге болмайды екен

pixabay
Тромбофлебитке шалдыққан, ішек аурулары бар және қаны қоюлануға бейім адамдарға бананнан бас тартқан жөн.[

Нутрициолог Алена Степанова кімдердің бұл өмірде банан жемей жүргені жөн екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Піскен банандардың гликемиялық индексі өте жоғары, бұл өнімді тұтынғаннан кейін қандағы қант тез көтеріледі. Сондықтан қант диабеті бар адамдарға жемеген абзал, - деді маман РИА Новости-ге берген сұқбатында.

Сондай-ақ, тромбофлебитке шалдыққан, ішек аурулары бар және қаны қоюлануға бейім адамдарға бананнан бас тартқан жөн.

Ал аталған дерттерден аман адамдар үшін бананның пайдасы көп екенін атап өтті әлгі маман.

Бұл банан деген триптофанның, серотониннің (бақыт гормоны) таптырмас көзі. Сонымен қатар, бананда инулин бар – еритін талшықтың бір түрі, бұл ішек қозғалысына жақсы әсер етеді. Еритін талшық пребиотик болғандықтан, ішек құрылысындағы бактериялар үшін өте пайдалы.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды