Бокстан Әлем біріншілігін Қазақстан чемпионы жеңіспен бастады

Olympic.kz
Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Саматәлі Төлтаев келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, 60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі таиландтық Хунатип Пиндучпен кездескен болатын.

Аса тартысты өткен жекпе-жектің алғашқы раундында Төлтаев басым түсті. Екінші раундта таиландтық боксшы есе қайтарса, үшінші раундта Саматәлі жеңісті жұлып алды.

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Айта кетелік, бүгін күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды