Алматыға қалыңдығы 8 см қар жауды

Алматы әкімдігі
500-ден астам арнайы техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылды.

Алматыда 8 сантиметр қар жауды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қарашада сағат 19:00-де Алматы қаласының солтүстік бөлігінде қар жауа бастады. 4 қарашада сағат 8:00-де қалада 8 см, тау бөктеріндегі аудандарда – 10 см, таулы аудандарда – 15 см қар жауды, - деп хабарлады қаланың Тұрғын үй саясаты басқармасынан.

Қар жауа бастағалы құм шашатын 185 техниканың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы 4200 тонна қоспа себілді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ қалталары қардан күрелуде.

Түнгі 3.30-дан бастап қар күрейтін колонналар көшелерге шықты.

500-ден астам арнайы техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылды.

"Қазгидромет" болжамынша, бүгін күндіз тағы қар жауады. Түнде ауа температура минус 13 градусқа дейін төмендеді, бүгін күндіз 6 градусқа дейін аяз күтіледі.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды