Қазақстанда сирек кездесетін темекі сатқан шетелдік ұсталды

ҚМА баспасөз қызметі
Темекі өнімдерінің контрабандасы салық салу жүйесіне зиян келтіріп, мемлекетке елеулі залал тигізеді.

2021 жылдың 6 қазанында Қаржылық мониторинг агенттігі жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласында 350 миллион теңгеден астам сомаға шығу тегі белгісіз 670 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында Әзірбайжан азаматы басқа тұлғалармен бірлесіп, Қарағанды облысының аумағында "Космос", "Беломорканал", "Тройка", "Столичные" маркалы темекіні акцизсіз заңсыз сатқаны анықталды.

Заңға қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 149 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды