Алматының орталығында жылқы жайылып жүр

facebook.com/Защитим Алматы
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық Полиция басқармасына жүгінді.

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының жанында жылқылар жүрген видео желіде тарады. Алматы қаласы Полиция басқармасы осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұстафин көшесінде, Тұңғыш Президент саябағының жанында біреу үнемі түнде жылқы бағып жүреді. Мен жылқының тезегі туралы айтпай-ақ қояйын, бірақ жылқы көшенің қақ ортасында жүреді, бұл жол апатына әкеп соғуы әбден мүмкін, - деп жазды Facebook-те Вячеслав Павленко.

Сондай-ақ, ол Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиевке шара қолдану туралы өтінішпен жүгінді.

Топтың басқа мүшелері де Тұңғыш Президент саябағының жанындағы жылқыларды бірнеше рет көргенін атап өтті.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық Полиция басқармасына жүгінді.

Бостандық аудандық Полиция басқармасы бұл фактіні тіркеді, жануардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды