Екпесі жоқтар сауда орталықтарына кірмесін деген заң шығады

Zakon.kz
"Көк" мәртебелі кәдімгі қазақстандықтарға қиын болады.

"Көк" мәртебелі кәдімгі қазақстандықтар жұмыс күндері сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Бүгінгі күні бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларды ғана нысандарға кіргізу көзделіп отыр. Жақында ВАК отырысында бұл тәжірибені жұмыс күндері де сауда-ойын сауық орталығының жұмыс тәртібіне енгізу ұсынылды. Яғни, бүгінгі таңда сауда ойын-сауық орталықтарына тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғалар ғана бара алуы үшін аталған мәселе талқылануда, – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева.

"ҚазАқпарат" ХАА хабарламасында атап өтілгендей, "Атамекен" ҰКП бұл мәселені талқылауға белсенді қатысады.

– СОО-да көптеген кәсіпкерлер жұмыс істейді. Бұл объектілерде айналымы, табысы төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері орналасқан. Сондықтан бұл мәселе қазір белсенді талқыланып жатыр және пысықталуда, – деп нақтылады ол.

Лесбаева жақында "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың төрағалығымен мүдделі бизнес субъектілерін тарта отырып, осы ұсынысты талқылау бойынша жұмыс кеңесі өткенін атап өтті.

Енді барлық шығындарды есептеу керек, олар өз жұмыстарын қалай ұйымдастырады, бұл келушілер трафигінің төмендеуіне әсер ете ме, жоқ па. Осы мәселелердің барлығын талқылау қажет, содан кейін Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестермен бірге бұл мәселе пысықталатын болады, – деп қорытындылады Лесбаева.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды