Мобильді "ақша аударудан" бөлек, "төлем" деген функция шығады

pixabay
Туысқа "аудару", дүкен иесіне - "төлем".

Қазақстанның қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мобильді аударымда "төлемдер" деген жаңа функция пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір мобильді қосымшаны пайдаланатындарда бір ғана "аудару" жолы бар. Енді "төлем" деген тағы бір әдіс пайда болады. Жай ақша аудару тек таныс-туыстар арасында жүреді, ал төлемдер дегені тауар және қызмет үшін төленеді. Бұл қолма-қол ақша немесе картамен төлегенмен бірдей, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Вице-министрдің айтуынша, бұл тәртіп кәсіпкерлер үшін артық жүк болмайды. Салық ставкалары, төлеу мерзімі, есеп ұсыну тәртібі өзгеріссіз қалады.

Сіз аударым жасасаңыз, тұтынушы ретінде құқығыңызды қорғай алмайсыз. Яғни, тауарды немесе қызмет түрін сатып алып жатқан жоқсыз. Егер сатып алсаңыз, чек беріледі. Яғни, оның тауар немесе қызмет үшін жасалған төлем екенін көрсетесіз. Кейін тұтынушы ретінде тауардың сапасына талап қоя аласыз, оны қайтара аласыз. Өйткені жеке кәсіпкердің төлемді аударым түрінде қабылдап, мұны салық есебінде көрсетуі екіталай, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды