Алматы облысында ақ халаттыларға биыл 127 пәтер берілді

облыс әкімдігі
Облыс әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін тағы 64 дәрігер баспана алады.

Алматы облысында дәрігер жетіспеушілігі мәселесін болдырмау үшін медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен арнайы брифинг кезінде облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, жыл басынан бері оларға 127 пәтер берілген, жыл соңына дейін тағы 64 дәрігер баспана алады, – деді ол.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында биылғы жылы үш ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылды, ал жалпы барлығы жеті нысан салынуда.

Облыс әкімі "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасының елді мекендерді көркейтуге тиігізіп отырған оң әсеріне де тоқталып өтті.

Аталмыш бағдарлама аясында төрт ауылдық мәдениет үйі жөнделген, үш саябақ ашылған, Талдықорған қаласы мен Үштөбе теміржол вокзалының жанындағы скверлер абаттандырылған, – деді Баталов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды