Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне төраға тағайындалды

primeminister.kz
Серік Сәпиев 19 қазанда қызметінен кеткен.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікқанұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

2012-2018 жылдары "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары — "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры. 2020 жылғы сәуір-қараша аралығында – "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысы болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды