Ердоғанға Ресей мен Қытай жері қосылған "Түркі әлемі" картасы табысталды

Тwitter/MHP_Bilgi
Ресми Анкара бұл картаға ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Ұлтшылдық қозғалысы партиясының жетекшісі Девлет Бахчели Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға "Түркі әлемінің" картасын сыйға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бахчели картаны Ердоғанға тапсырған сәтінің фотосы партияның Twitter-дегі парақшасында жарияланды. Ресми Анкара бұл картаға ешқандай түсініктеме берген жоқ, деп жазады РБК.

Картада Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қызыл түспен белгіленген. Сонымен қатар, қызғылт сары түспен Балқан түбегінің кейбір елдерін, Иранның бір бөлігін, Ресейдің оңтүстік аймақтарын, сондай-ақ Сібірдің көп бөлігін, Моңғолияның батыс бөлігін салған.

Сары түспен Қытайдың Алтай, Якутия және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы белгіленген. Жарияланған суреттің астында бұл түстер нені білдіретіні жазылмаған.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды