Коронавирус індетінің басталғанына екі жыл

pixabay.com
2019 жылдың дәл осы күні, 18 қарашада Қытайдың Хубэй провинциясында алғашқы вирус тіркелген.

Коронавирус инфекциясын алғашқы жұқтыру оқиғасынан бастап екі жыл өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылдың дәл осы күні Қытайдың Хубэй провинциясында алғашқы вирус тіркелген. Осы уақыт аралығында аты жаман ауру әлемнің 4 миллиард халқына жұғып, 5 миллион адамның өмірін жалмады. Алайда ковидтің қауіптілігіне сенбейтін және вакцинацияға қарсы адамдар да бар. Мәселен, Чехияда кеше түнде вакцина алмағандарға, локдаун енгізуге қарсылық білдіргендер наразылық акциясын ұйымдастырды. Билік мұндай қадамға елде ауырғандар саны күрт өскеннен кейін барған.

Ал Американың Пенсильвания қаласындағы зертхана қызметкері бүкіл елді жаңа індеттен құтқарған болуы мүмкін. Вакциналарды зерттейтін орталықта препаратты жасауға арналған компоненттердің ішінен мұздатылған шешек түтіктерін тапты. Бұл іске қатысты ФБР тексеріс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды