Қазақстан Мысырмен әуе байланысын тоқтатты

zakon.kz
26 қарашада белгілі болған жаңа штамм Оңтүстік Африка Республикасында анықталған еді.

Мысырмен әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

Мұндай шешім коронавирустың "омикрон штаммының" таралу қаупіне байланысты қабылданып отыр.

Жуырда Бельгияға Мысырдан келген жолаушыдан "омикрон штаммын" тудыратын коронавирус оқиғасы анықталуын ескере отырып, Мысырмен әуе байланысын тоқтата тұру қажет. Мұрат Шоранов

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы қаупіне байланысты жаңа шектеулер енгізіледі.

Айта кетейік, 26 қарашада белгілі болған жаңа штамм Оңтүстік Африка Республикасында анықталған еді.

Қазақстан
ДДСҰ
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды