Алматыда жолдың қарсы бетімен жүйткіген полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ мен ПД-ның мұндай өрескел заң бұзушылықтарға қатаң қарайтындығы баршаға аян

Алматыда 2 желтоқсанда таңертең жолдың қарсы бетімен нөмірі жоқ көлікпен келе жатқан полиция қызметкері анықталып, оған айыппұл салынды. Кейіннен оның жұмыстан шығарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкері Әкімшілік Кодекстің бес бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы ПД тәртіптік комиссиясының шешімімен патрульдік полиция полкінің инспекторы, аға лейтенант Қ.Иманқұлов бірқатар жол ережесін өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органындағы қызметінен босатылды. Алматы қалалық ПД

Взвод командирінің басшысы да қызметінен босатылды. Бөлімшенің екі басшысына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.

ІІМ мен ПД-ның мұндай өрескел заң бұзушылықтарға қатаң қарайтындығы баршаға аян. Заң баршаға бірдей және ол міндетті түрде орындалуы тиіс. Кездейсоқ адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ. Мұндай заңсыз әрекеттерімен олар ерте ме, кеш пе көзге түсіп, өз беделдеріне кір келтіреді. Полицияда азаматтардың қауіпсіздігі үшін талмай еңбек ететін, жүрек қалауымен келген жігіттер жұмыс істейді. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәлі Нашарбеков
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды