"Барыс" Қазанда "Ак Барсты" жеңді

Сурет: hcbarys.kz
Ойынның үшінші кезеңі бәрін шешті

ҚХЛ-да ойнап жүрген "Ак Барс" пен "Барыс" хоккейшілері Қазан қаласында кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Барыстың" жаттықтырушылар штабы өткен матчпен салыстырғанда бір ғана өзгеріс жасады. Төртінші буында Якоб Берглундтың орнына Дмитрий Гурков төбе көрсетті.

Бірінші кезеңде ойында алаң иелері ширақ қимылдап, басымдық танытып жатты. Алайда көрермендер гол көрмеді.

Есесіне екінші кезеңде Егор Шалапов қарымта шабуыл ұйымдастырып жіберіп, Якоб Лилья сылқ еткізіп, шайба салды.

Үшінші кезеңнің ортасында Роман Старченко керемет пас жасап, Аркадий Шестаков екінші шайбаны қақпаға тықты.

Кездесудің соңғы минутында алаң иелері тарапынан Дмитрий Воронков көзге түсті.

"Ак Барыс" – "Барыс"кездесуінің қорытындысы" – 1:2 (0:0, 0:1, 1:1).

0: 1 – 21:46- Лилья (Шалапов)

0: 2 – 50:25- Шестаков (Старченко)

1:2-58 – 19- Воронков (Кагарлицкий, Уил)

Қақпашылар: Билялов - Ортио.

9 желтоқсанда "Барыс" Сочиді қабылдайды.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды