Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер саны күрт қысқартылады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметі 2021 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердегі штат санының лимиттеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Министрліктерде, барлық деңгейдегі әкімдіктерде, ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиттері өзгереді. Сондай-ақ, орынбасарлардың шекті саны анықталды.

Штат саны қаншалықты қысқаратыны құжатта нақты көрсетілмейді. Бұл ақпарат "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бойынша орналасқан.

Сонымен бірге, орталық және жергілікті атқарушы органдарға 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін және 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде қосымшаларда және қаулыда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізу бұйырылады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды