Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин зейнеткерлікке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді. Мәліметті бас санитар дәрігердің өзі растады.

Менің келісімшартым аяқталды. "Мемлекеттік қызмет" заңына сәйкес зейнеткерлер тағы бір жыл қосымша жұмыс істей алады. Маған бір жыл ұзартып бергендіктен, екінші рет бұлай жасай алмаймыз. Сол себепті қаңтар айында кетемін.Жандарбек Бекшин

Ол 2020 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалған еді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова уақытша атқарады.

Қазақстан
Бекшин Жандарбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды