Риддерде Toyota Land Cruiser көпірден жарға құлап кетті

Сурет: Instagram/osa_uka_vko
Риддерде Toyota Land Cruiser көпірден жарға құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Жарға құлаған көліктің суреті Instagram-дағы osa_aka_vkobra парақшасында жарияланды.

Сурет: Instagram/osa_uka_vko

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне хабарласты.

24 желтоқсанда сағат 15:30 шамасында Риддердегі Ташкент көпірінен өтіп бара жатқан Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамағандықтан, қолайсыз ауа райын ескермегендіктен керек кезде қажетті маневр жасай алмай, металл қоршауды бұзып, өзен жырасына аударылып кетті.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша Toyota жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Құзырлы ведомство қатты зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды