Алматы облысында тұманда жол апаты орын алып, екі адам зардап шекті

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданында болған жол апатының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Zakon.kz редакциясы бұл видеоға қатысты түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне хабарласты.

Жол-көлік оқиғасы 26 желтоқсан күні таңертең Кербұлақ ауданында орын алды. 28 жастағы Volkswagen Golf III жүргізушісі Алматы – Өскемен трассасының 117 шақырымында рөлге ие бола алмай, Scania жүк көлігімен соқтығысты. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жол апатынан Volkswagen жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Олар түрлі дене жарақаттарымен Қапшағай қаласының ауруханасына жатқызылды.

Сондай-ақ, Алматы – Өскемен автожолының 76-дан 161 шақырымына дейінгі жол учаскесін қатты тұман басуына, жолдың нашар көрінуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін жабық екенін хабарлаймыз. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматы
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды